Ақ Олимпиадада роботтар қызмет көрсетеді

4 Ақпан 2022, 19:03
1140
Бөлісу:
Ақ Олимпиадада роботтар қызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Қытай астанасындағы «Құс ұясы» ұлттық стадионында өтіп жатыр. 

Маңызды шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. 

Олимпиада ойындары «Таза мұз бен қардағы қуанышты күн» ұранымен өтеді.

Сондай-ақ  жылғы Олимпиаданың мұрасына негізделеді делінуде. 

Бейжің Ақ Олимпиаданы  өткізу құқығына 2015 жылдың 31 шілдесінде қол жеткізген болатын. 

4-20 ақпан аралығында өтетін төртжылдықтың додасы үш аймақта өтеді. Олимпиадаға қатысушылар мен бапкерлерге роботтар қызмет көрсетіп жатыр. Олар қонақ үйге жайғасқан адамдарға керек-жарақтарын жеткізіп береді. Сонымен қатар  Бейжіңде орналасқан медиа орталықта роботтар қызмет ететін асхана бар. 

Өзгелердің жаңалығы