Ақ Олимпиада. Бүгін қазақстандық спортшылардан жарыс жолына кімдер шығады?

6 Ақпан 2022, 09:30
1485
Бөлісу:
Ақ Олимпиада. Бүгін қазақстандық спортшылардан жарыс жолына кімдер шығады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі, 6 ақпан күні қазақстандықтар Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының жарысында спорттың 3 түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды sports.kz.

13:00 – Шаңғы жарысы. 

Ерлер

Скиатлон (15 км классикалық стильде + 15 км еркін стильде). 

Финал

Виталий Пухкало, Евгений Величко. 16:00, 17:30 – Фристайл (могул). 

Әйелдер

Екінші квалификация, финал. Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко, Олеся Граур. 

17:00, 18:00 – Трамплиннен секіру (К-98). Ерлер. Бірінші раунд, финал. 

Данил Васильев, Сергей Ткаченко. 

Олимпиада-2022-де Қазақстан атынан 34 спортшы өнер көрсетеді. 

Еске салайық, осы уақытта Қазақстанның ең үздік жетістігі шорт-тректен аралас командалық эстафета бойынша 5-ші орын.

Өзгелердің жаңалығы