Ақ амурлар Баянауыл көлдеріне бейімделе ме

18 Қазан 2024, 11:15
282
Бөлісу:
Ақ амурлар Баянауыл көлдеріне бейімделе ме
Фото: Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы

Баянауыл көлдеріне алғаш рет ақ амурлан жіберілді. Мақсат – бірегей су айдындарын қамыстанудан қорғап, тазалығын сақтау, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Өңірдегі балықтандыру жоспары шеңберінде Торайғыр көліне 10 мың және Сабындыкөл көліне 38,6 мың ақ амур жіберілді.

Ақ амурлар Баянауыл көлдеріне бейімделе ме

Мамандардың айтуынша, балықтың бұл түрі көлдерде табиғи мелиоратор қызметін атқарады. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, жоспар бойынша балықтар көлдердің экологиялық жағдайына кері әсер ететін қатты өсімдіктерді жоюға көмектеседі.

Су айдындарында қамыс қаулап кетуі мүмкін. Ал ақ амурлар бұл өсімдіктермен қоректенеді. Бұл үрдісті бақылаймыз. Оң нәтиже болса, келесі жылы да балықтандыру шараларын жалғастырамыз. Дөңмайдай балығын жіберуді де жоспарлап отырмыз. Бұл «су маржаны» қамыстан бөлек, балдырлармен де қоректенеді, - дейді Жасұлан Жұмашев.

Ақ амурлар Баянауыл көлдеріне бейімделе ме

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Баянауыл көлдерінің қамыстанып кету қаупі бар.

Тұрғындардың хабарлауынша, соңғы кезде көлдерде қамыстар көбейіп барады. Мәселенің алдын алып, экологиялық жағдайды ушықтырмау үшін балықтандыруды шештік. Сонымен қатар, қыста жергілікті орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп, қамыстарды жою жұмыстарын жүргіземіз, - дейді бөлім басшысы.

Айта кетейік, биыл Ертіс өзенін балықтандыру шаралары да күшейтілді. Атап айтқанда, Баянауыл ауданындағы көлдер мен Ертіс өзеніне 100 млн теңгеге балықтандыру жоспарланған. Кешенді шара аясында тұқы тұқымдасының 85 мыңнан астам балығы шығарылады. Табиғат пайдаланушы кәсіпорындар да экологиялық қорғау шараларын қолға алған.

Өзгелердің жаңалығы