Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әпкелі-сіңлі егіздер бір күнде ұл босанды

4 Қыркүйек 2025, 14:22
624
Бөлісу:
 Unsplash
Фото: Unsplash

АҚШ-тың Хьюстон қаласында егіз әпкелі-сіңлі күтпеген жерден бір күнде ұл босанды. 12 сағат айырмашылықпен дүниеге келген сәбилер аналарын егіздік байланысының ерекше күшімен тағы да жақындата түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Click 2 Houston басылымына сілтеме жасап.

Егіздер – Рэйчел Шмидтбергер мен Линдси Денни – бала кезінен бәрін бірге жасайды. Екеуі де Техас университетінің медицина мектебін тәмамдап, бір ауруханада дерматолог болып жұмыс істейді. Дегенмен олар жүкті болуды бір уақытта жоспарламаған.

Әпкелі-сіңлі егіздер бір күнде ұл босанды
Фото: Children’s Memorial Hermann Hospital

Денни ұзақ уақыт бойы бала көтере алмай, үмітін үзген еді. Бірақ күтпеген жерден Рождество мерекесінде өзінің жүкті екенін білді. Бұл жаңалыққа отбасы қатты қуанды. Ал арада көп өтпей, Шмидтбергер де аяғы ауыр екенін хабарлап, туыстардың қуанышын еселей түсті. Екеуі де ұл балаларын күтіп жүрген болатын.

Солардың ортақ гинекологы егіздер бір күнде босануы мүмкін екенін айтқан еді. Айтқаны дәл келіп, 26 тамыз күні екі сәби жарық дүние есігін ашты. Денни мен Шмидтбергер мұны өздерінің егіздік байланысының тағы бір ерекше дәлелі деп атады.

Өзгелердің жаңалығы