Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбіге қараған түні Грецияның солтүстігінде апатқа ұшыраған украиналық Ан-12 көлік ұшағының бортында сегіз экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы украин азаматтары.
Бұл туралы "Фейсбукте" Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Николенко хабарлады.
Оның айтуынша, ұшақ Сербия-Иордания-Бангладеш бағыты бойынша қауіпті коммерциялық жүк тасымалдаған.
О.Николенко апаттың алдын ала себебі Ан-12 қозғалтқыштарының бірінің істен шығуы екенін айтты. Апат орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Грекияда жарылғыш зат тиелген Украина ұшағы құлады деген ақпарат жарық көрген болатын.