Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апат "Қазмедиа орталығында" болған. Адамдарды эвакуациялау туралы хабарланады. "Хабар", 24.kz, Qazaqstan, Balapan телеарналары өз жұмыстарын тоқтатты.
Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.
29 наурызда сағат кешкі 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Қонаев көшесі 4 мекенжайы бойынша шақыртуға барды.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингте трансформатор жанып жатқаны анықталды. Адамдар өздері қауіпсіз жерге шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеп жатыр, - деп хабар таратты ТЖД баспасөз қызметі.