«Апамыз өмірден өткеннен кейін көңілі түсіп жүргендей көрінген»: Аида Балаева Дулат Исабековтың отбасына көңіл айтты

Бүгiн, 11:12
366
Бөлісу:
«Апамыз өмірден өткеннен кейін көңілі түсіп жүргендей көрінген»: Аида Балаева Дулат Исабековтың отбасына көңіл айтты
Фото: facebook.com

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бар қазақтың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балаева қаламгермен көп жылдар бойы етене жақын араласып, ақыл-кеңесі мен өнегесіне қанық болғанын еске алды.

Адами биік қасиеттерін, даладай кең пейілін жақыннан таныдық. Соңғы кездерде апамыз өмірден өткеннен кейін көңілі түсіп, жаны жүдеп жүргендей көрінген. Отадан шыққаннан кейін Алматыда арнайы жағдайын сұрап барғанымызда мұқалмас рухына, биік болмысына тағы бір куә болып, әлі де көп жас жасарына тілек етіп едік. Амал қанша?! Дулат ағамызбен бірге бір дәуір көшкендей, – деп жазады Аида Балаева.

Айта кетейік, кеше жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 83 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Өзгелердің жаңалығы