АӨСШК Жастар кеңесі серіктестікті кеңейтуде үлкен рөл атқарады – Президент

14 Шілде 2022, 11:40
1497
Бөлісу:
АӨСШК Жастар кеңесі серіктестікті кеңейтуде үлкен рөл атқарады – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің V-ші отырысы өтіп жатыр.

Кеңесте АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғы сөзін жеткізді.

Құрметті делегация басшылары, ханымдар мен мырзалар, мен сіздерді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімді нығайту жөніндегі кеңестің Жастар кеңесінің бесінші отырысына көргеніме қуаныштымын.  Конференция кеңестің 30 жылдық мерейтойы жылында өтуде. Сондықтан кездесудің маңызы ерекше.  Осы уақыт ішінде АӨСШК планетаның ең үлкен континентінде бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтатын ең беделді диалог алаңына айналды.  Жаһандық турбуленттілік жағдайында көпжақты дипломатияның тиімді институты, аймақтағы және әлемдегі ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайтудың тиімді институты ретінде конференцияның маңызы еселеп артып келеді.  АӨСШК Жастар кеңесі форумға мүше мемлекеттер арасындағы серіктестік пен гуманитарлық байланыстарды кеңейтуде маңызды рөл атқарады.  Кеңес біздің елдердегі жастар ұйымдарының әлеуметтік-экономикалық және мәдени саладағы қызметін үйлестіреді, өскелең ұрпақтың әлеуетін ашуға зор үлес қосады, -деді Мемлекет басшысы.

 Президенттің атап өтуінше, отырыстың күн тәртібінде қоғамның радикалдануына қарсы тұру, суицид пен нашақорлықтың алдын алу сынды маңызды тақырыптар талқыланады.

Бұл конференцияға қатысушы елдер жастарының үйлесімді әлем құруға елеулі үлес қосуға деген ұмтылысы мен дайындығын көрсетеді.  АӨСШК Жастар кеңесінің отырысы кең Азия кеңістігіндегі тығыз ынтымақтастыққа қуатты шығармашылық серпін беретініне сондай-ақ ашық және сенімді диалог құруға көмектеспек. Заманауи сұрақтарға жауап беру үшін жаңа тәсілдер мен шешімдер табуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.  Форум жұмысына белсенді қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтамын, тәжірибе алмасу мен жемісті пікірталас тілеймін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы