АҚШ-та үйсіздер саны 2024 жылдың қорытындысы бойынша 653 мың адамнан асып, жаңа рекорд орнатуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Wall Street Journal газеті таратқан деректерге сүйенсек, АҚШ-та қазіргі күннің өзінде 550 мыңнан астам адам көшеде өмір сүреді. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп. Бұл көрсеткіштің өсіп келе жатқаны айтылуда. Осылайша, жыл соңында 2023 жылы бекітілген саннан асып түседі деп болжануда.
Мұндай дағдарысқа мигранттардың ағылып келуі, тұрғын үйді сатып алу мен жалға алу бағасының өсуі, сондай-ақ фентанил эпидемиясы себеп болған.
Фентанил – коронавирус пандемиясы басталғалы бері Америкадағы басты проблемалардың біріне айналған. Себебі дәріден артық дозалануынан 270 мыңдай адам көз жұмған.