Антикордың қызметкері сотталды

<p style="text-align:justify;">Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы&nbsp;үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылды, деп хабарлады BAQ.KZ.&nbsp;</p>

8 Қыркүйек 2022 2022, 11:42
АВТОР
 8 Қыркүйек 2022 2022, 11:42
8 Қыркүйек 2022 2022, 11:42
1810

Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылды, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді.

Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

А. Ізбасарды Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелегенін атап өту керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы, оның ішінде өз қатарларында ымырасыз күрес жүргізеді.

Наверх