Антикор: Жұбан елі «Парасат жолы» жобасын қолдайды

17 Наурыз 2021, 21:05
2464
Бөлісу:
Антикор: Жұбан елі «Парасат жолы» жобасын қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және Агенттік төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиеваның жұмыс сапары Ақжайық ауданында жалғасты. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақжайық ауданында Агенттік өкілдері Жұбан Молдағалиев атындағы орталықтың және аудандық «Парасат жолы» орталығының жұмыстарымен танысты.

Антикор: Жұбан елі «Парасат жолы» жобасын қолдайды

Сонымен қатар, ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қатысушылардың назарын «Парасат жолы» жобасының маңыздылығына аударып, жаңа жобаның еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының орталығы болып табылатындығын атап өтті.

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов «Парасат жолы» жобасы ауданның барлық ауылдық кітапханаларында (18 ауыл) ашылғанын, аудандық жобаға белгілі ақын Сағынтай Бисенгалиев жетекшілік ететіндігін қонақтардың назарына жеткізді. Кездесуге қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды, - делінген хабарламада.

Антикор: Жұбан елі «Парасат жолы» жобасын қолдайды

Шара барысында еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Максим Үмбеталиев сөз алып, қазіргі замаңда ашықтылық пен парасаттылықтың ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.

Антикор: Жұбан елі «Парасат жолы» жобасын қолдайды

Аудандық «Парасат жолы» жобасының жетекшісі С.Бисенгалиев парасаттылық туралы өз жыр жолдарын жолдап, «Мен қазақпын» деп жырлап өткен Жұбан Молдағалиевтің туған жері адалдық пен патриоттылықтың түпқазығына айналатынына сенім білдірді. Облыс орталығына қайтар жолда Агенттік өкілдері Жаңабұлақ ауылдық округі әкімдігінің жұмысымен танысып, ауылдық кітапханада болды, - деді Антикор.

Еске сала кетейік, егер сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы