Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығының құрметіне орай Агенттіктің бірқатар қызметкері марапатталды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкер марапатталды.
Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты мен аумақтық құрылымдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне медальдарды салтанатты түрде табыс етіп, оларға қайсарлығы мен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.