Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғанына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.
Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады, - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.