Антикор Төрағасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервімен кездесті

20 Сәуір 2024, 21:10
553
Бөлісу:
Антикор Төрағасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервімен кездесті
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде» тақырыбында құқық қорғау органдарының Президенттік резервінің құрамында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қазақстанның ең маңызды байлығы – оның халқы, ал біздің басты мақсатымыз – адамдардың бақытты өмір сүруіне жағдай жасау, - деп атап өтті.

Осы орайда сіз бен біз болып маңызды рөл атқарамыз.
Біз осы жоғары мақсатқа жету үшін бар күшімізді салуымыз керек, офицерлердің абыройы мен сеніміне ие болуымыз керек»,- деп атап өтті А. Жұмағали.

Кездесу барысында Агенттік Төрағасы органның қызметіне және елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды.

Ол жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алғышарттарын жою, сондай-ақ білім беру және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелеріне ерекше назар аударды.

Президенттік кадр резервінің өкілдерімен әңгімелесу шеңберінде заңнамалық бастамалар, активтерді қайтару, парасаттылыққа тексеру тетігін енгізу (Integrity check) мәселелері қозғалды.

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекетке 2 млрд АҚШ долларынан астам сомасындағы мүліктік активтер мен ақшаны қайтаруды қамтамасыз еткенін А. Жұмағали атап өтті.

Сондай-ақ, резервшілерді қызықтырған сұрақтарына жауап бере отырып, халықаралық ынтымақтастықтың қабылданып жатқан шаралары және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әлемдік стандарттарын енгізу туралы айтты.

Агенттік Төрағасы кездесу соңында сәттілік тілеп, біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру жолында жинақталған тәжірибелері мен білімдерін қолдануға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы