Antikor: Сенатор құзыретті органдардың міндетін атады

8 Қазан 2021, 12:50
2365
Бөлісу:
Antikor: Сенатор құзыретті органдардың міндетін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт мәлім етті. 

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы өте маңызды қадамның бірі 2019 жылы қараша айында жасалғанын айтты.

Кез келген нәрсенің ғылыми негіздемесі болуы керек. Осы бапқа байланысты әділет саласының азаматтарына өте үлкен міндет жүктеліп отырғанын айтқым келеді. Еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының заңымен құқықтық актілері туралы 33 -1 бабымен толықтырылды, -дейді Дана Нұржігіт. 

Сонымен қатар ол баптың қызметтері мен маңыздылығын түсіндірді. Оның мәлімдеуінше, заң жобасына қатысы бар өкілетті орган ғылыми сараптамадан өткізілген заң жобаларын бүкіл парламент депутаттарына таратады. Егер талдау кезінде заңнамадан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көретін болса, оны комитет отырыстарында сарапқа салынып, өзгертулерге дейін әкеледі.

Заң нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы. Яғни, бұл дегеніміз сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері бар ма, жоқ па? Осы мәселені тексеретін сараптамалық ғылыми комиссия жұмыс істеу керек деген заң жазылды. Осыған орай айтарым, егер заң жобалары дайындалатын болса, ол белгілі бір институттарға жіберіліп, ғылыми сараптамадан өткізілу керек, -дейді Парламент Сенатының депутаты. 


 

Өзгелердің жаңалығы