Тергеу лауазымдық өкілетін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мекеме басшылығы Жарғыны бұзып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден астам сомаға артық төледі деген күдікке ілінді, - делінген ресми ақпаратта.
Осылайша лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтқан. Іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.