Павлодарда Antikor оrtalygy ашылды

19 Желтоқсан 2019, 22:49
2129
Бөлісу:
Павлодарда Antikor оrtalygy ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда ашылған сервис-орталық облыс тұрғындарына жедел әрі нақты жауап беруге мүмкіндік береді. 

Фронт-офис пен open space форматында жұмыс істейтін орталықта азаматтарға барлық мүмкіндік жасалған. Арнайы кабинеттерде мамандар шағым айтып келген азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, "Ертіс - адалдық алаңы" фронт-офисі де осы жерде орналасқан. 

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне кезіккен бизнесмендермен де жұмыс жолға қойылатын болады. Мұндай фактілермен кезіккен жағдайда, шұғыл әрекет етеміз дейді коррупцияға қарсы қызмет өкілдері. 

Сервис-орталықтың ашылуына облыс әкімі Болат Бақауов қатысты. Аймақ басшысы бұл жерде шоғырланған қызмет түрлері болашақта мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынастың дамуына септігін тигізетініне сенімді. 

VNB_1107.jpg

 

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша "Ертіс - адалдық алаңы" жобалық офисі 2018 жылдың желтоқсанында ашылған болатын. Бұл жобаның аясында облысымызда үлкен жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік органдар оңтайландырылуда, фронт-офистер ашылып, азаматтардың өтініштері мен шағымдарымен жұмыс жасалуда. Мемлекет басшысының жолдауында айтылған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы іске асырылуда. Біз қоғам сұраныстарына сай жылдам әрекет етудеміз. Сол үшін де облысымыздың қалалары мен аудандарында фронт-офистер жұмыс істеуде, - деді өңір басшысы.

 

Antikor оrtalygy-на келген азаматтарға EGOV порталы арқылы ақпарат алуға да мүмкіндік мол. Бұл жерде "Азаматтарға қызмет көрсету орталығының" арнайы терминалы орналасқан. Бұдан бөлек балалар бұрышы да қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы