Желіде мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы ықтимал сөз байласу туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сіздердің көптеген сұрауыңызға байланысты жемқорлыққа қарсы волонтердің мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының "Самар-Вет" ШЖҚ КМК тапсырыс берушісі мен қызмет көрсетуші арасында ықтимал сөз байласу фактісін анықтағанын хабарлаймыз. Аталған ақпарат жұмысқа алынды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша конкурс тоқтатылды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, бұл дерек ШҚО бойынша СЖҚҚ есепке алу кітабына тіркелді, ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігі тәртібінде аймақ әкімінің аппаратына және Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.