Антикор кәсіпкерлерді қорғайтын жобаны іске қосты

1 Ақпан 2023, 10:20
1097
Бөлісу:
Антикор кәсіпкерлерді қорғайтын жобаны іске қосты
Фото: Егемен Қазақстан

Елімізде «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлердің жерді ресімдеуі, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алуы, коммуникациялар қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (несиелер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысамыз, - деп жазылған хабарламада.

Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар жұмыс істеп жатыр. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook-те хабарлама қабылдайды.

Сондай-ақ Антикордың call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы