Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші-қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған, - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске сала кетсек, Абай облысы Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталғанын хабарлаған едік.