Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ербол Назарбаев Антикорда арнайы департамент басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоға байланысты мынаны хабарлаймыз: 2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Е. Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, – делінген хабарламада.
Ал 2022 жылғы 14 сәуірде ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылған.
Айта кетейік, бұған дейін желіде шамамен өткен жылдың соңында түсірілген видео тараған еді. Онда құзырлы органдар терезесі көлегейленген көлікті тоқтатқан. Видеода машинаның рулінде Ербол Назарбаев болғаны айтылады.