Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.
Осы жылы соңғы екі айда шамамен 120 адам сотталды. Олардың ішінде 28 адам пара алғаны, 50 адам пара бергені, 20 адам алаяқтық, 11 адам ұрлық жасағаны, 7 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін және басқа да фактілер бойынша сотталды, - деп айтты тергеуші.
Ол атап өткендей, бас бостандығынан айыруға – 41, бас бостандығын шектеуге – 10, еселік айыппұлдарға – 63 адам, қалғандары шартты мерзімге не кейінге қалдырумен сотталды.
144 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылды. Оның ішінде 115 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 27 адам арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, - деп айтты Бекайдаров брифингте.
Оның сөзінше, 2 адам мүлкі тәркіленіп сотталды.
Айта кетейік, бүгін Антикордың баспасөз орталығында құрылыс саласында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпарат айтылды.