Антикор Дәуренбек Қожабаевты ұстады

10 Желтоқсан 2024, 11:03
491
Бөлісу:
Антикор Дәуренбек Қожабаевты ұстады
Фото: BAQ.KZ

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі, халықаралық іздеуде жүрген Дәуренбек Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Антикор баспасөз қызметі ақпарат берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласыбойынша аумақтық департамент басшысының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.

Ол (Дәуренбек Қожабаев – ред.) қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бірінің директорынан оны қылмыстық жауаптылықтан босатқаны үшін пара алды деген күдік бойынша тергеліп жатыр.Қожабаев тергеуден қашып кеткендіктен, ол халықаралық іздеуге жарияланған, - деді Антикор.

Биыл 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Дәуренбек Қожабаевты ұстап, тергеу изоляторына қамады.

Мәліметке сәйкес, тергеу жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр ағасы, Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев пара алғаны үшін 5,5 жылға сотталды

Өзгелердің жаңалығы