Антикор басшысы Ұлыбритания елшісімен кездесті

Бүгiн, 13:30
113
Бөлісу:
Антикор басшысы Ұлыбритания елшісімен кездесті
PHOTO
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэтрин Личпен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Антикор басшысы Ұлыбритания елшісімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалармен және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылып жатқан Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, қоғамның парасаттылығын дамытуға, бизнес пен азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға, заңсыз алынған активтерді қайтару тиімділігін және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті арттыруға, сондай-ақ елдің халықаралық имиджі мен инвестициялық тартымдылығын нығайтуға ықпал етеді.

Антикор басшысы Ұлыбритания елшісімен кездесті

А. Жұмағали британдық тараппен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жемқорлыққа қарсы озық стандарттарына қол жеткізуге бағытталған өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Кэтрин Лич тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жобалар шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Антикор басшысы Ұлыбритания елшісімен кездесті

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру туралы уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы