Антикор АШМ комитетінің төрағасына қатысты тергеу туралы айтты

5 Қараша 2024, 17:13
311
Бөлісу:
Антикор АШМ комитетінің төрағасына қатысты тергеу туралы айтты
Фото: BAQ.KZ -архив

АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Мәселен, агенттік Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол кәсіпкерлік субъектісінен 4,4 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда, яғни шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5%.

Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үй қамағына алынды.

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы