Антикор ардагерлері кеңесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді

27 Қаңтар 2021, 21:01
1202
Бөлісу:
Антикор ардагерлері кеңесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ардагерлер кеңесі 2020 жылғы жұмыс қорытындысына арналған отырыс ұйымдастырды. 

Ардагерлер кеңесінің іс-шарасына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

Сонымен қатар, кездесуге агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және онлайн режимде аумақтық департаменттер мен Ардагерлер кеңесінің облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, 2020 жылғы шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесі құрылды, ол тәрбие жұмысын жүргізу, оқыту және Антикор қызметкерлеріне қызметтік іс-әрекеттегі тәжірибемен бөлісу және әдістемелік көмек көрсету арқылы жеке құрам қызметінің тиімділігін арттыруға белсенді қатысады, - делінген агенттік хабарламасында.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рустам Ибраимов 2020 жылдың қорытындысын шығара отырып, осы бағыттардағы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті. Сондай-ақ ағымдағы жылға жұмыстың негізгі басымдықтары белгіленді. Сонымен қатар, кездесу барысында Қызылорда, Павлодар облыстары және Шымкент қаласы бойынша аумақтық филиалдар төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Алик Шпекбаев ардагерлер ұйымдарының басшыларын Антикордың халықаралық ынтымақтастық саласындағы бастамаларымен таныстырды, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілігін күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жеке тоқталды, - деп жазды Антикор.

Кездесу соңында Ардагерлер кеңесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Кездесуге қатысушылар агенттік жанындағы консультативтік-кеңесші органдармен, «Адалдық алаңы», «Адал көмек» жобалық кеңселерімен, арнайы мониторингтік топпен, республикалық ақпараттық-ағартушылық штабпен ардагерлердің ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, Ардагерлер кеңесімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлерінің тәжірибесін жас қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету, олардың арасында адал және мінсіз қызмет құндылықтарын насихаттау үшін, агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық қорғау қызметін өткеру саласындағы заң шығарушылық қызметіне белсенді қатысу үшін кеңінен қолдануды шешті.

Өзгелердің жаңалығы