Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антидопинг агенттігі (VADA) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) кездесуден кейінгі допинг сынаманы сәтті тапсырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі сарапқа салынған бұл айқас 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтіп, Бивол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша, "Канело" өз карьерасында екінші мәрте жеңілді.
"Канело" мен Биволды жекпе-жектен кейінгі допинг сынамасының сәтті тапсыруымен құттықтаймыз, – деп жазды VADA.
Айта кетейік, "Канело" кеше келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады. Ол – Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО). Бұл кездесу қыркүйек айында өтеді.