Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Anti-fraud» арқылы 35 млн теңгеден аса қаржыны иелеріне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің аудандық бөлімшелеріне ҚР ІІМ-нің "Anti-fraud-орталық" және "Кибернадзор" базалары орнатылуда.
Мамандардың айтуынша, "Anti-fraud" жүйесі алаяқтардың қысымымен жасалатын ақша аударымдарын жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. Ең бастысы – дер кезінде полицияға жүгіну.
Енді аудандық қызметкерлер ақпаратты облыс орталығына жібермей-ақ, бұғаттауды өздері орындайды. Бұл – маңызды минуттарды үнемдейді.
Жыл басынан бері осы жүйенің көмегімен СҚО-да кибералаяқтардың құрбандарына 35 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.
"Кибернадзор" – интернеттегі жалған жарнамаларды және өзге де құқыққа қайшы контентті бұғаттауға арналған жүйе. Қаңтардан бері СҚО полицейлері 3670 сілтемені бұғаттады. Енді бұл жұмысты аудандық бөлімшелердің қызметкерлері де атқара алады — киберпол мамандары оларды қажетті дағдыларға үйретуде.