45 жылдан бері жасалып келе жатқан зерттеу жұмыстары Антарктидадағы мұздың еруі рекордтық деңгейге жеткенін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҰҰ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 45 жылдан бері жасалып келе жатқан Бүкіләлемдік метеорология ұйымының зерттеуі дәл биыл Антарктидада мұздың азайып кеткендігін растады.
Теңіздегі мұз жаһандық, аймақтық және жергілікті ауа райы жағдайына үлкен әсер етеді. Сондай-ақ БМҰ-ның жаһандық климаттың жағдайы туралы баяндамаларының негізгі климаттық көрсеткішіне айналады. Теңіз мұзы аумағының өзгеруі экожүйе мен қоғам үшін күрделі салдарға алып келуі мүмкін, - делінген БҰҰ-ның баяндамасында.
Бақылау жұмыстары көрсеткендей, бұған дейінгі мұз аумағының азаю рекорды 2022 жылы ақпанда орын алған. Ал биыл Антарктидадағы мұз тағы 93 мың шаршы шақырымға азайғаны белгілі болды.