Түркияның Анталья қаласында жолаушылар автобусы сайға құлап, салдарынан сегіз адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Haber Global-ға сілтеме жасап.
Оқиға туралы Анталья провинциясының губернаторы Хулуси Шахин мәлімдеді.
Бүгін таңертең Антальяның Дөшемеалты ауданында автобус бұрылыстан өте алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылып кетті. Өкінішке қарай, сегіз азаматымыз қаза тапты, тағы 26 адам жарақат алды. Жақын арада зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат алу үшін ауруханаға барамыз. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ол.
Шахиннің айтуынша, жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр.