Mavi Gök Aviation Анталия-Астана-Анталия жаңа рейсін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы рейс бүгін түнде Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.
Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды.
Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады, - делінген баспасөз хабарламасында.
Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған.
Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.