Әнші Досымжан Таңатаров сайлауда артық бюллетень сұрап, акт толтырылды

21 Қараша 2022, 12:28
3868
Бөлісу:
Әнші Досымжан Таңатаров сайлауда артық бюллетень сұрап, акт толтырылды
Фото: автордан

Бұл туралы Партиялық емес байқау орталығы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, кеше өткен саяси оқиғада ахуалды орталықтар жұмыс істеген.

Сайлауда ахуалды орталықтар белсенді жұмыс атқарды. Оған нақты уақыт режімінде ақпараттар жіберіліп отырды. Біз оны өңдеп, талдап, бірден өзіміздің шешімдерімізді шығардық. Жалпы алғанда, біздің байқаушыларымыз тек қана сайлаушылардың көптігін ғана емес, байқаушылардың да көп болғанын атап өтті. Біздің мәліметімізге сәйкес, еліміздегі әрбір сайлау учаскесіндегі жұмысты қадағалауға орта есеппен бестен жеті байқаушыға дейін бқатысқан. Бұл дегеніміз азаматтық қоғамның, халықтың электоралдық мәдениетінің бір көрсеткіші деп білеміз, - деді Төлеген Күнәділов.

Дегенмен, сайлау күні сайлаудың ашық, әділ және дұрыс өтуіне кедергі жасайтын заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Бірақ біздің байқаушыларымыз екі заң бұзушылықты анықтады. Оның біреуі — Қарағанды облысында болса, екіншісі Астанада қаласында орын алған. Яғни бір сайлаушыға екі бюллетень беру фактісі анықталды. Астанада дауыс беруге барған белгілі әнші Досымжан Таңатаров өз бюллетенін өткізіп қойған соң "Тағы бір бюллетень беріңізші, мен суретке түсіп, қайтадан берем" деген. Комиссия мүшесі көңілін қимай бюллетендьді берген. Бірақ барлық азамат заң алдында бірдей. Заң бұзамын деген арам ниет болмаған. Алайда байқаушыларымыз оны тіркеп, акт жазып, хаттама толтырып, дереу сол бюллетень жойылды, - деді қоғамдық бірлестік басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төлеген Күнәділов сайлауда 22 мыңнан астам байқаушы жұмыс істегені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы