Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі телеграмм желісінде мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын.
Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. 2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды.
Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келді.