Анна Данилина US Open жарысында жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ktf.kz 5 Қыркүйек 2023 2023, 11:12
5 Қыркүйек 2023 2023, 11:12
983
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге ширек финалда қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен кездесті.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте олар жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2). Анна мен Харридің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Наверх