Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Линц (Аустрия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге бастапқы айналымда чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Шкохпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың бесеуін құр жібермеді. Чехиялық дуэт 1 эйс, 3 брейктен аса алмады.
Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Анастасия Потапова – Яна Сизиковамен таласады.