Анкарада жүрген Ұлықбек Есдәулет референдумда дауыс берді

5 Маусым 2022, 16:26
1230
Бөлісу:
Анкарада жүрген  Ұлықбек Есдәулет референдумда дауыс берді
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Анкарада жүрген жерінен референдумға дауыс бергенін мәлімдеді.

Ақын түрік жұртының астанасында Қазақстан елшілігіне барып, референдумға дауыс бердгенін facebook-тегі парақшасында жазды.

Бас кенттегі сайлауға жұрт үздік-создық келіп, Ата заңға үн қосуда. Жалпы бұл бауырлас елде Анкара, Стамбул, Анталияда үш сайлау уческесі жұмыс істеп жатыр,-деп жазды Ұ. Есдәулет.

Ақын Серік Ақсұңқар да бүгін Жаңа Қазақстанға дауыс бергенін мәлімдеді.

Анкарада жүрген  Ұлықбек Есдәулет референдумда дауыс берді

Бүгіннен бастап Жаңа Қазақстан тарихының алтын парақтары ашылады! Онда бәріміздің Қолтаңбамыз жатыр! Жаңа Қазақстан-адам баласының құқықтары сақталатын; коррупсиясыз Қазақстан, ырысына ынтымағы жарасқан Қазақстан, өркениет көшіне ұялмай ілесетін, қаңтар оқиғасы қайталанбайтын Қазақстанға, балаларым мен немерелерімнің Қазақстанына дауыс беріп шықтым! «Жаңа Қазақстанға сенесіз бе?» деді біреу. «Құдайға сенгендей сенемін!» дедім мен! Алға, Алаш елі! Самға Қазақстан!,-деп жазды ақын.

Сондай-ақ Әнші Медет Салықов та «Еліміздің ертеңі жарқын болсын!» деп отбасымен дауысбергенін жазды.

Анкарада жүрген  Ұлықбек Есдәулет референдумда дауыс берді

Спортшы Абзал Әжғалиев бүгін таңғы жаттығуын өткізіп болған соң, өзінің азаматтық борышын орындағанын мәлімдеді.

Референдумға барып өз дауысымды бердім. Біздер нағыз тарихи оқиғалардың күәсі болып отырмыз. Отанымыздың дамып, гүлденуіне тағы бір дұрыс қадам жасадық деп сенемін. Мен әділетті Қазақстанда, жемқорсыз Қазақстанда өмір сүргім келеді,-деді спортшы.

Анкарада жүрген  Ұлықбек Есдәулет референдумда дауыс берді

Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік бүгін тарихи оқиға бастан кешіріп отырмыз деп санайды.

Бүгін тарихи күн! Еліміздің Конституциясын толықтырып, өзгеріс енгізетін республикалық референдумға қатыстым. Мен өз таңдауымды жасадым,-деп жазды шахматшы.

Анкарада жүрген  Ұлықбек Есдәулет референдумда дауыс берді


 

Өзгелердің жаңалығы