Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Тәуелсіздік күніне арналған спорттық жарыстар өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен дәріптеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты мен оның Астана қаласы бойынша департамент қызметкерлерінің қатысуымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, сондай – ақ «Әкем, анам және мен - спорттық отбасы» атты сайысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері қатысты.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің отбасыларын біріктіру, қолдау мен өзара түсіністік атмосферасын құру арқылы отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ командалық рухты дамытуда және ұжымдағы спорттық дәстүрлерді нығайтуда маңызды рөл атқарады, бұл қызметкерлер арасындағы ортақ келісім мен ынтымақтастықты ілгерілетуде ықпал етеді.
Спорттық ойындар жоғары деңгейде және қарқынды күреспен бәсекеге қабілетті рухпен ерекшеленді.
Жеңімпаздар естелік кубоктар мен бағалы сыйлықтарға ие болды, ал барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және спорттық дайындықтың жоғары деңгейі үшін алғыс хаттар табысталды.
Жарыс жеңімпаздары:
Шағын футбол:
1 орын - Астана қаласы бойынша департаменті
2 орын - Превенция қызметі
3 орын - Сотқа дейінгі тергеу қызметі
Үстел теннисі (ерлер):
1 орын - Мұратбеков М.
2 орын - Қапышев М.
3 орын - Шайдуллин к.
Үстел теннисі (әйелдер) :
1 орын - Абельдинова г.
2 орын - Анарбаева А.
3 орын - Кірісхан П.
Шахмат:
1 орын - Қаршалов Е.
2 орын - Омаров Е.
3 орын - Қалабаев Б.
Көңілді бастаулар:
1 орын - Ахметовтар отбасы
2 орын - Еслям отбасы
3 орын - Жұмаділовтар отбасы
Іс-шара нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жарыстың барлық қатысушыларына алғысын білдіре отырып, барлығына зор денсаулық пен амандық тіледі.