Қандай жағдай болмасын азық-түлік дүкендері штатты режимде жұмыс істейді

13 Наурыз 2020, 12:00
2054
Бөлісу:
Қандай жағдай болмасын азық-түлік дүкендері штатты режимде жұмыс істейді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлікті көптеп алып дүрлігуге негіз жоқ. Мұндай жағдай бағаның жөнсіз өсуіне әкеледі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты. 


Оның айтуынша, Алматы халқының  әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке деген сұрансы жылына 860 мың тоннаны құрайды. Осының 241 мың тоннасын қаладағы кәсіпорындар өндіреді екен. 
Әлеуметтік азық жалпы азық-түліктің 52% құрайды. Әлеуметтік азыққа нан, қант, май, пияз, картоп, сәбіз, астық өнімдері, тұз, макарон тағамдары кіреді. Одан бөлек шұжық, жеміс-жидектер 48 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 520 мың тоннадан астам азық өнімдер Алматы облысына және өзге өңірлерден жеткізіледі. Бұлар бірінші кезекте ет, көкөніс, тауық еттері, - деді ол. 

Басқарма басшысы сондай-ақ бірінші кезекте қажетті азықтар қалада жеткілікті мөлшерде өндіріліп жатқанын айтты. 
Дүрлігіп бағаны қолдан көтеруге жағдай жасаудың қажеті жоқ. Кеше қаладағы гипермаркеттерде халықтың қант және басқа өнімдерді мөлшерден көп алғаны байқалды. Оны көп алудың қажеті жоқ, көп тұрып қалса босқа бұзылады. Бұл өнімдер жеткілікті мөлшерде бар. Қалада азық-түлік сататын 168 ірі гипермаркет,  6 мыңдай шағын дүкенмен 20-дан астам базар жұмыс істеп тұр. Қандай жағдай болмасын бұл сауда орындары штатты режимде жұмыс істейді. Ол да біреудің кәсібі, сондықтан олар карантин жағдайында қалай жұмыс істейміз деп кеңесіп отырады, - дейді  Е. Оразалин. 

Сондай-ақ ол қалада бетперде тапшылығы орын алғанын және бұл мәселе алдағы уақытта шешілетінін жеткізді.
Қазір Алматы облысында айына 3 млн маска тігетін өндіріс орны бар. Алайда оларға республика бойынша тапсырыс түсіп жатқандықтан үлгермей жатыр. Алдағы уақытта бұл мәселені шешеміз, жақын күндері дәріханаларға маскалар жеткізіледі. Масканы таратуда әлемдік тәжірибеге сүйену қажет, яғни бір адамға бір бетпердеден бөлген дұрыс. Әйтпесе кейбір адамдар шамадан тыс алып, үстіне баға қосып сатады, - деді ол. 
 
Өзгелердің жаңалығы