Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

Бөлісу:
Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Жапониялық Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды тағы бір жапондық спортшы Мисе Курэа (66.63) иеленді.

Ал Юлия Феклистова – 13-орынды иеленсе, Анастасия Ларионова – 17-орын, Виктория Кузнецова – 18-орын, Юлия Мокина – 22-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар, 2024 жылғы әлем чемпионатында Городко могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген еді.

Өзгелердің жаңалығы