Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аналардың жанайқайы ескерілді: прокуратура әскердегі өлім мен жарақат істерін қайта қарайды

11 Қараша 2025, 13:16
475
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Х әлеуметтік желідегі ресми парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды. Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды, - деп жазды Асылов. 

Сөзінше, сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі. 

Осы жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды, - деп түйіндеді Бас прокурор.

Еске салсақ, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан сарбаздардың аналарының арызын 12 күнде қарауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы