Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов 80 көпбалалы анамен кездесті, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
Кездесуге Сарыарқа, Есіл, Алматы, Байқоңыр аудандары әкімдерінің орынбасарлары, елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында көпбалалы аналар мемлекеттік қордан тұрғын үй беруді жеделдетуді сұрады. Қала әкімінің орынбасары тұрғын үй кезегінде 45 мың адамның тұрғанын атап өтті: мүгедектер, соғыс ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, жетім балалар, Чернобыль апатының қатысушылары мен мүгедектері және көпбалалы отбасылар. Бұл ретте тұрғын үй кезегінде 2969 көпбалалы отбасы тіркелген. Сонымен қатар, ол кезекте тұрғандарға мемлекеттік қордан берілетін пәтерлер жалға беру шартымен берілетінін атап өтті. «Қазақстанда 4 және одан да көп баласы бар 340 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Олардың ішінде ресми кезекте тұрғын үйге мұқтаж ретінде 31725 мың отбасы тұр. Олар үшін соңғы бастамалар шеңберінде алдағы 7 жылда 40 мың шаршы метрден астам жалға берілетін тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беруді жеделдету үшін белгіленген талаптарға жауап беретін дайын тұрғын үй сатып алу сияқты әдіс жоспарланып отыр. Мамыр айында республика бойынша алғашқы пәтерлер берілетін болады», - деп мәлімдеді ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілі Сара Құрманғожина.
Көпбалалы отбасылар жоспарланған жалға берілетін пәтерлерді жалға алушылардың меншігіне беру мүмкіндігі мәселесін көтерді.
«Мұндай мүмкіндік қарастырылған. Қаладағы жалға берілетін пәтерлердің бір бөлігі кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін болады», - деп жауап берді Сара Құрманғожина.
Нұркеновтың айтуынша, Елбасы әрбір көпбалалы отбасы үшін жылдық 2 пайыз жеңілдікті ипотекалық несие беруді тапсырды. Үкіметте жеңілдетілген ипотека беру ережелері әзірленгеннен кейін, әкімдік жергілікті атқарушы орган ретінде оларды іс жүзінде жүзеге асыратын болады.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мәліметтеріне сәйкес, тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша көпбалалы адамдарға 2 пайыз бастапқы жарна кемінде 10 пайызды құрайды.
«Пәтер құны 15 миллион теңге болса, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шамамен есептеуі бойынша отбасына қажетті табыс 104250 теңгені құрауы тиіс. Бұл ретте сіз өзіңіздің материалдық жағдайыңызды жақсартып, несиелік баспанадан үмітті бола аласыз», - деді Сара Құрманғожина.
Ол тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда тұрғын үй құрылысы бойынша 8 бағдарлама қабылданғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде 1,3 млн азамат тұрғын үй жағдайын жақсартты. Ал өткен жылы 113 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді.