Амстердамда маймыл шешегіне қарсы вакцинация басталды

23 Шілде 2022, 06:19
1152
Бөлісу:
Амстердамда маймыл шешегіне қарсы вакцинация басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерланд астанасында маймыл шешегіне қарсы вакцинация басталды. Осал топтағы адамдарға ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Нидерланд баспасөзінің мәліметінше, 21 шілдеде Нидерландта маймыл шешегінің 712 жағдайы тіркелді, оның басым бөлігі – 429-ы Норд-Холланд және Флеволанд қалаларында. 

Соған қарамастан, елдің ең ірі Амстердам қаласында маймыл шешегіне қарсы вакцинаның жеткілікті мөлшері бөлінді. 

Вакцинаның екі дозасын 10 мың 500 адам салдырады деп жоспарланған. Нидерландының денсаулық сақтау министрлігі иен қоғамдық денсаулық сақтау институты RIVM ең алдымен вакцинаны АИТВ-ның «PrEP» дәрісін қабылдайтындар салдырады деп бекітті. 

Екінші кезекте АИТВ-ға шалдыққандар егіледі. 

Маймыл шешегі өте қауіпті болуы мүмкін, сондықтан ең қауіпті топтағыларды қорғауымыз керек, - деді жергілікті денсаулық сақтау органының басшысы Шула Райксман. 

2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 71 елінде маймыл шешегінің 14 мың жағдайы анықталғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы