Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Амстердам орталығы қауіпті аймақ деп жарияланды

Бүгiн, 14:00
157
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Амстердам билігі Сириядағы жағдайға байланысты өтуі мүмкін наразылық акциялары қаупіне орай Орталық вокзал маңы мен Дам алаңы айналасындағы аудандарды "қауіптілігі жоғары аймақ" ретінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ NL Times порталына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, "жоғары дайындық режимі"23 қаңтар күні кешке полиция қала орталығында жоспарланып жатқан, тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін демонстрациялар туралы ақпарат алғаннан кейін енгізілген. Осындай наразылық акциялары Нидерландтың өзге қалаларында да өтетіні алдын ала хабарланған.

"Жоғары дайындық режимі" енгізілген соң құқық қорғау органдарына қосымша өкілеттіктер берілді. 

Атап айтқанда, қала орталығында "алдын ала тексеру жүргізуге" және бетті толық жабатын киім киюге тыйым салуға құқық қарастырылған. Бұл шаралар муниципалдық заңнамада көрсетілген және қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін деген қауіп туындаған жағдайда қолданылады. Режимнің нақты қанша уақытқа созылатыны әзірге ресми белгіленген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы