ӘМСҚ қазақстандықтар үшін 2,8 трлн теңгеге медициналық қызметтерді сатып алады

26 Қаңтар 2024, 02:18
417
Бөлісу:
ӘМСҚ қазақстандықтар үшін 2,8 трлн теңгеге медициналық қызметтерді сатып алады
Фото: Архив BAQ.KZ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдерін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау ведомствосына сілтеме жасап.

2024 жылға арналған сатып алу жоспарында 2,8 трлн теңгеден астам қарастырылған, оның 1,2 трлн теңгесі МӘМС қаражаты болып саналады.

2024 жылы денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Біріншіден, өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтілді (комиссия төрағасының орынбасары болып басшының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі денсаулық сақтау басқармасының өкілі айқындалды, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің өкілдері енгізілді).

Екіншіден, саны 1500 адамнан кем алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін (ары қарай МСАК) субъектілерінің қызметтерін сатып алуға қатысу үшін және ТМККК шеңберінде МСАК қызметтерін көрсету тәжірибесі бір жылдан артық 3000 адамнан кем халқы бар МСАК субъектілеріне шектеулер енгізілді (бұл жалпы практика дәрігерінің/отбасылық дәрігердің кемінде екі учаскесі);

Үшіншіден, стационарды алмастыратын көмек көрсету стандарттарына сәйкестігі үшін күндізгі стационарлар амбулаториялық және (немесе) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде ғылыми ұйымдардың жанынан ұйымдастырылады.

Сондай-ақ ережеге комиссия мүшелерінің бұрын мәлімделген көмек түрлеріне шарт жасаспаған денсаулық сақтау субъектілеріне баруы қосылды.

2023 жылдың желтоқсанында медициналық ұйымдардан өтінімдер қабылданды. Қаражатты бөлу рәсімдерінің қорытындысы бойынша 2024 жылға медициналық ұйымдар арасында шамамен 2,4 трлн теңге орналастырылды.

Жаңа медициналық ұйымдардан 209 өтінім түсті, оның ішінде өңірлік комиссиялар сатып алу рәсімдерін өткізу барысында 117 денсаулық сақтау субъектісіне барды.

Аталған өзгерістер азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және оны ұсыну сапасын жақсарту үшін қабылданып отыр.

МӘМС жүйесін енгізу азаматтарға медициналық көмек көрсетуге жекеменшік медициналық ұйымдарды да тартуға мүмкіндік берді. Биыл қор 1921 медициналық қызмет көрсетуші – медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасасты, оның 64%-ы жекеменшік болса, 36%-ы – мемлекеттік. Осылайша, МӘМС клиникалардың пациент үшін бәсекелестігін ынталандырады. Пациентте қандай да бір медициналық қызметті қайдан алатындығына таңдау мүмкіндігі туғандықтан, медициналық ұйымдар жақсырақ жағдай жасап, пациенттерді тарта алуы үшін қызметті жетілдіруі керек.

Өзгелердің жаңалығы