ӘМСҚ басшылық құрамының 11 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды

11 Қазан 2024, 12:51
3066
Бөлісу:
ӘМСҚ басшылық құрамының 11 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды
Фото: pixabay.com

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары аудиторлық палата Қорда жүргізілген тексеру іс-шараларын биыл шілдеде аяқтады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамалары бойынша, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бұзушылықтар анықталды, - делінген ақпаратта. 

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінге, осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды. 

Қорытындысы бойынша ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша нұсқаманың басқа тармақтарының орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады, - деп хабарлады Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы