ӘМСҚ: Елордада жарты жылда 105,1 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

29 Тамыз 2021, 11:43
1091
Бөлісу:
ӘМСҚ: Елордада жарты жылда 105,1 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың І жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 105,1 млрд теңге сомасына медициналық қызмет көрсетілді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Х.Дәулетшина қаражат толық игерілгенін айтты.

2021 жылдың І жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 105,1 млрд теңге сомасына медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде ТМККК аясында – 62,3 млрд теңге, МӘМС жүйесінде – 42,8 млрд теңге. Қаражат 100% игерілді. 2021 жылы медициналық қызметті қаржыландырудың жалпы сомасы екі лот бойынша 192,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде ТМККК (тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі) 109,8 млрд теңге, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша 82,9 млрд теңгені құрады. Қаржыландыру 2020 жылмен салыстырғанда 107%-ға өсті, - деп мәлімдеді ол.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны – 1 202 661 (по РК 18 984 845). МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар – 991 653, бұл елорда тұрғындарының 82,4% құрайды (ҚР бойынша 15 846 259 – 83,4%).

Олардың ішінде 668 066 тұрғын жеңілдігі бар санатқа жатады, оларға жарнаны мемлекет төлейді. Бұл елорда тұрғындарының 55,5%-ы, жалдамалы жұмыскерлер - 331 507 адам (27,5%), жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 24 411 адам (2%), азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтіндер - 9 981 адам (0,8%), БЖТ төлейтіндер - 17 952 адам (1,4%), өз бетінше дербес төлем төлейтіндер - 10 218 адам (0,8%).

МӘМС жүйесімен қамту 2021 жылдың І жартыжылдығында 25 449 адамға, яғни 966 204-дан 991 653-ке артты.

Соның өзінде 211 008 адам «сақтандырылмаған», оның ішінде:

• 70 482 – жүйелі түрде төлемейтіндер;

• 140 526 адам МӘМС жүйесіне қатыспаған.

Қор тұрғындармен кері байланыс орнатып, оларды МӘМС жүйесіне тарту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп отырады.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында СРМ Айкейде 1165 шағым тіркелген. Ал қордың 1406 байланыс орталығына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесі аралығында медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша 76 520 өтініш түскен. Олардың бәрін халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің мамандары қарастырды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қор тарапынан халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту үшін жеткізушілерді ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының сарапшылары МӘМС жүйесінде және мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемі бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы