жұмыс
-
Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында Жалағаш ауданына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мақсат – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту.
01.07.2020
-
Нұра ауданында заманауи бассейн салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Нұра ауданында 1 млрд 353,9 млн теңгенің 17 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы онлайн-брифингте аудан әкімі Аян Шалмағанбетов мәлімдеді.
01.07.2020
-
Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында шаһардағы бірқатар саябақ қайта жаңғыртылып, абаттандырылады. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
01.07.2020
-
Әкімдер барлық тапсырманың толық орындалуын қамтамасыз етуі тиіс – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында өңірдегі коронавирусқа қарсы іс-шаралар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
01.07.2020
-
Қарқаралы ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 18 жоба жүзеге асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарқаралы ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 18 жоба жүзеге асырылуда. Оған жұмыссыздар қатарынан 126 адам тартылмақ. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы хабарлады.
01.07.2020
-
Жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қазіргі кезде "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 11 326 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 5663 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір жұмыс тапқан.
30.06.2020
-
Коронавирус: Жұмысы тоқтамаған сала мамандары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин кезеңінде түрлі мекемелер жұмысын уақытша тоқтатты. Алайда, карантин кезінде қызметін жалғастыра берген бірқатар сала маманы бар. Солардың арасында медицина қызметкерлері, полицейлер сияқты алдыңғы шепте жүрген мамандармен қатар, қаланың, тұтас елдің тазалығын сақтауда аянбай тер төккен мамандар да жетерлік.
30.06.2020
-
Шымкентте 3000 ерікті тіркеліп, жұмыс істеп жатыр – Жұлдызхан Балтабаева
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл – Еріктілер жылы. Алмағайып оқиғаларға тап келген еріктілер жылы Шымкентте қалай өтіп жатыр? Міне, осы сауал жауабын Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы директоры Жұлдызхан Балтабаевадан сұрап көрдік. Сұхбатымызды бастамас бұрын, аз-кем өткенге тоқталып өтелік.
29.06.2020
-
COVID-19: Алматыда ПТР тест өткізу орындары жұмысын қайта бастады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бүгіннен бастап коронавирус бойынша ПТР тест өткізу орындары жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Medical Partners Korea мәлімдеді.
29.06.2020
-
ШҚО-да ауылдық клубтар жөнделіп, жұмыс орындары ашылып жатыр
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Бородулиха ауданындағы онан астам мәдени мекеме елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты онлайн режимге көшсе де, ондағы жөндеу жұмыстары тоқтаған жоқ.
29.06.2020
-
Еңбекминінің қоғамдық қабылдауы жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбекминінің қоғамдық қабылдау бөлмесі қашықтан жұмыс істей береді.
29.06.2020
-
Шөкеев Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы жұмыстармен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында іссапармен болды. Ең алдымен "Сабыр" шаруа қожалығының бір жерден екі өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
27.06.2020
-
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында жұмысшылар қанша жалақы алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бағдарлама бойынша 3 мыңға жуық жұмыссыз жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
26.06.2020
-
Індетке байланысты шетелдік жұмыс күшінің саны 3,2 есеге қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда шетелдіктердің 60%-ы құрылыс, ауыл шаруашылығы және тау-кен саласында жұмыс істейді, ал олардың 52%-дан астамы Атырау облысында еңбек етеді.
26.06.2020
-
Оңай болған жоқ: Назарбаеваның орнына келген Әшімбаев жұмысты қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады.
25.06.2020
-
Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
25.06.2020
-
"БЖК-2025" бағдарламасына өзгеріс енгізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша салаларды қамту елеулі түрде кеңейтілді. Яғни "БЖК-2025" бағдарламасына шағын және микробизнеске микрокредит беру тетігі енгізілді.
25.06.2020
-
Тасқала ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 15 жоба жүзеге асырылуда – Батыс Қазақстан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған бағдарлама аясында Тасқала ауданында бірқатар білім беру, медициналық, мәдени нысандарға, әлеуметтік қызмет көрсету ғимараттарын жөндеу, көше жарықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
25.06.2020
-
Қазақстанда жұмыс істегісі келетін шетелдіктер анықтаманы онлайн ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" қызметін онлайн режимге ауыстырды.
24.06.2020
-
Жыл басынан бері Алматыда 22 мың адам жұмыспен қамтылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында айтты.
24.06.2020