жұмыс
-
Елде 14 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14 794 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда.
21.04.2021
-
Ақтөбе облысының 18 ауылында 26 жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыс экономикасының өсімін 4,1% қамтамасыз ету күтілуде. Ақтөбе облыстық әкімдігінде өткен жиында халықты жұмыспен қамтамасыз ету, бюджетті жоспарлау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
21.04.2021
-
Нотариустардың жұмыс істеу жүйесі қалай өзгереді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар бойынша өткен брифингте айтты.
20.04.2021
-
Нотариустар QR-код арқылы жұмыс істейді – Әмірғалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар бойынша өткен брифингте айтты.
20.04.2021
-
Шет ауданының тұрғындарына 62 жұмыс орны ұсынылды – Қарағанды облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Шет ауданында бос жұмыс орындары және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жұмыссыздарға барлығы 62 жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
18.04.2021
-
СҚО-да жаңа форматтағы мектеп жұмыс істейді
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлдың дәл іргесіндегі Петрефельд ауылында Қызылжар – Абай орта мектебі былтыр ашылған болатын. Мұнда қазір 230 оқушы білім алып жүр. Мектептің ерекшелігі – оқыту мен тәрбие беру жүйесіндегі барлық әдіс-тәсілдер ұлы ақын Абай Құнанбайұлының падагогикалық идеялары мен принциптері негізінде жүргізіледі.
17.04.2021
-
Балқаш ауданындағы өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 16 сәуірінде Желтораңғы ауылдық округіндегі дала өрті сөндірілді. Естеріңізге сала кетейік, Желтораңғы ауылынан 25 шақырым жерде шамамен 45 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенген болатын.
16.04.2021
-
Елорда медицина ұйымдарының жұмысында қандай кемшілік жиі кездеседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» стратегиялық тұрғыда медициналық қызметтерді сатып алушы болғандықтан, медициналық қызметтерді жеткізушілердің келісімшарттағы міндеттемелерін орындауын және сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізіп отырады.
16.04.2021
-
Елімізде қандай мамандар тапшы екені айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов халықты жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбы аясында өткен брифингте елімізде қандай мамандар тапшы деген сұраққа жауап берді.
15.04.2021
-
Биыл 440 мың адам жұмысқа орналасады – Еңбек министрлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов халықты жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбы аясында өткен брифингте айтты.
15.04.2021
-
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда – ТЖМ Алматы облысындағы оқиға туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуір күні сағат 09.45-те Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен жиырма бес шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
15.04.2021
-
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 5885 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5885 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының қорытындысында айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
15.04.2021
-
Ақмола облысында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
Ақмола облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың қызметі ашық болу үшін үшін олардың құрамына волонтерлер мен журналистерді көбірек тарту керек. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.
13.04.2021
-
Жол салу жұмыстарының мердігерлері үшін талап қатаңдатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу сапасын жақсарту мәселелері талқыланды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
13.04.2021
-
Елордада бірқатар құрылыстың жұмысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің мобильдік топтары күн сайын құрылыс компанияларының балшықты, топырақты, құрылыс қоқысын және т.б. шығаруын бақылау бойынша жұмыстар жүргізуде. Мобильді топтардың құрамына Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, жергілікті Полиция департаментінің, аудан әкімдіктерінің өкілдері кіреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
11.04.2021
-
Жұмыс берушіге қатысты наразылықтар әлеуметтік желілерде жиі көрініс тапқан
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы жекелеген кәсіпорындарда жұмыскерлердің тарапынан жалақыны көтеру мәселесіне қатысты әлеуметтік желілер, ұжымдық арыздар арқылы өз талаптарын білдіру деректері тіркелген.
10.04.2021
-
Ақтөбе облысының пробация қызметі сотталғандарды жұмысқа орналастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық пробация қызметі жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Polisia.kz.
08.04.2021
-
Елордада жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
08.04.2021
-
Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс – Шпекбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен Business Integrity Forum-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев еліміздің ірі жеке ұйымдарында комплаенс-қызметтер құрылатынын жеткізді.
07.04.2021
-
Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргендер қанша жылға сотталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен Business Integrity Forum-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттіктің кәсіпкерлердің құқығын қалай қорғайтындарын айтты.
07.04.2021