жол
-
Қызылордада электронды түрде жол ақысын төлеушілердің саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев қоғамдық көлікке мініп, жолаушылар тасымалының сапасын және әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің пайдаланылу деңгейін тексерді.
10.05.2021
-
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне жеделхат жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
04.05.2021
-
Елордада тағы да асфальт опырылып түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Мәңгілік ел көшесінде автожол үстіндегі асфальт опырылып, ойық пайда болды. Бұл туралы Instagram-пабликтердің бірінде жарияланды.
03.05.2021
-
Атырауда көлік басқарған 14 жастағы жасөспірім анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда көлік басқарған 14 жастағы жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
02.05.2021
-
Биыл Ақтауда жалпы аумағы 10 мың шаршы метрлік жол жөнделеді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақтау қалалық автомобиль жолдары және жолаушылары көлігі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Бекасыл Алхамовтың сөзінше, облыс орталығында көлік жолдарының жалпы ұзындығы 209 шақырымды құрайды.
30.04.2021
-
Ақтөбе облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
30.04.2021
-
Биыл Павлодар облысынан су жолдары арқылы 900 мың тонна жүк тасымалданады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күннен кейін Павлодар облысында дәстүрлі навигация басталады. Су жолдары ашылып, Ертіс арқылы жүс тасымалы жанданады.
29.04.2021
-
Ақтаудағы жаңа шағын аудандарға жол салынып жатыр
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығының «Шығыс-2» және «Шығыс-3» деп аталатын мөлтек аудандарында жол мәселесі соңғы кездері жиі көтеріліп жүр.
28.04.2021
-
Алматыда 57 мың шаршы метр жол жөнделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполисте жолдарды ағымдағы жөндеу жалғасуда, 460 көшедегі 3 мыңға жуық шұңқыр жойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
28.04.2021
-
Маңғыстау облысында автомобиль жолдарын жөндеуге 12,3 млрд теңге бөлінді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысында автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңғыртуға 12,3 млрд теңге бөлінді. Оның 11 млрд 477 млн теңгесі үкімет резервінен, 226 млны республикалық, қалған 648 млн теңгесі облыс бюджетінен қаралды.
27.04.2021
-
1-мамырдан бастап елорда автобустарында SMS төлем жасалмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық көлігінде SMS-хабарлама жолдау арқылы төлеу қызметі өшіріледі. Шешім ұялы байланыс операторлары қызметінің жиі істен шығуына байланысты тасымалдаушылардың сұрауы бойынша қабылданды.
26.04.2021
-
Мамин Nur Otan партиясының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
26.04.2021
-
Полиция: Жол апатын болдырмау - полицияның ғана емес, қоғамның да мәселесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі – маңызды әлеуметтік-экономикалық және демографиялық міндеттердің бірі. Ақтөбе облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдос Құлжанов жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне тоқталып, оны болдырмау үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады.
26.04.2021
-
Халықаралық маңызы бар автожолды су басты
BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан. Күн жылынып, қардың көбесі сөгілгелі өзен-көлдердің тасуынан, кей жерде еріген қар суынан облыста 12 жол учаскесін су басты. Қазір олардың 11-і қайтты.
26.04.2021
-
Қарағанды облысы Молодежный кентінде 18 көшенің жолы жөнделеді
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентін жандандыру жұмыстары биылғы жылы қарқынды жүргізілмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елдімекенде стадион, мәдениет үйі, 2 білім ошағы жөнделіп, 18 көше асфальтталмақ.
23.04.2021
-
Президент: Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі жарияланды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
22.04.2021
-
Қандай жол-көлік оқиғасында өлім-жітім көп болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қауіпсіздігі туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
19.04.2021
-
Министр Тұрғымбаев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің негізгі басымдықтарының бірі, деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жол қауіпсіздігі бойынша ведомствоаралық семинар-кеңес барысында. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
17.04.2021
-
1 мамырдан бастап «Павлодар – Қалбатау» тас жолы ақылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамырдың бірінен бастап Омбы – Майқапшағай тас жолының Павлодар мен Қалбатау аралығындағы бөлігі ақылы болады
17.04.2021
-
Жергілікті маңызы бар жолдардың 25%-ы іске жарамсыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде министр Бейбіт Атамқұловтың төрағалық етуімен автомобиль жолдары мен елдімекендердегі көшелердің сапасына арналған селекторлық жиын өтті.
15.04.2021