жедел жәрдем
-
Жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқан. Сол себепті 103 желісіне жүктеме көбейген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясың директоры Мұрат Оразбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.
24.06.2020
-
Науқасқа қауіп төнбеген жағдайда жедел жәрдемнің келуі 60 минутқа созылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Науқастың денсаулығына не өміріне айқын қауіп болмаған жағдайда жедел көмек бригадасының келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов айтты.
24.06.2020
-
Қарағандыда 97 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға шұғыл көмек көрсетеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Коронавириус індетінің өршіп тұрған уақытында халыққа жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлерге де оңай соқпауда. Ақ халаттылар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Тек өткен айда жедел жәрдем бригадалары облыс бойынша 38 мың тұрғынға жедел медициналық көмек көрсеткен. Оның 19 мыңы Қарағанды қаласына тиесілі.
21.06.2020
-
Ақтау жедел жәрдем стансасы 3 реанимобильмен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының тапсырмасы бойынша "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ коронавирус індетіне қарсы күрес аясында Ақтау қаласының жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасына үш жаңа реанимобильді сыйға тартты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
19.06.2020
-
Елордада жедел жәрдемге хабарласатындар саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жедел жәрдем директоры мұны азаматтардың карантин талаптарын сақтамауымен байланыстырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
18.06.2020
-
Карантин кезінде жедел жәрдем көмегін шақыру екі есе төмендеген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Пандемияға дейін жедел жәрдемді шақырту тәулігіне орта есеппен 3,5 мыңды құраса, карантин кезінде бұл көрсеткіш 1,5-ға дейін төмендеген.
08.06.2020
-
Қорғансыз қорғаушылар
"103" медициналық жедел жәрдем станциясында өткен мониторинг барысында, қызметкерлерге 30 мың теңге сомасындағы қосымша ақы төленгендігі анықталды.
20.05.2020
-
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы қосымша бригадаларды іске қосты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Карантин кезінде облыстық жедел жәрдем станциясы қосымша бригадаларды іске қосты.
18.04.2020
-
Жамбылда жедел жәрдем қызметкерлері шағымданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Жедел медициналық көмек қызметі қызметкерлерінің еңбек жағдайына қатысты шағымы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің департаменті қызметтік тексеріс жүргізуде.
17.04.2020
-
Жедел жәрдем қызметкерлері өзіне қол жұмсаған адамды аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласының 42 жастағы тұрғыны "Тасарық" су арнасында көпірден секіріп, өз өміріне қол жұмсамақ болған. Абырой болғанда полиция қызметкерлері жігіттің суға батқанын көріп, тез арада құтқарып қалды.
07.04.2020
-
Медициналық мекемелер жабық: Ауырсаңыз, не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын карантинге жапты.
19.03.2020
-
Жедел жәрдем қызметкерлері тұтастай бір отбасын құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Төлеби ауданында тұтастай бір отбасы газдан уланды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
23.01.2020
-
Мереке күндері жол-көлік оқиғасы жиілеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күніне орташа есеппен 600 қоңырау түсетін өңірлік 103 қызметіне демалыс күндері күніне 900 қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
05.01.2020
-
Елорданың жедел жәрдем автопаркі 52 көлікпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясы" МКҚ директоры Мұрат Оразбаевтың айтуынша жедел жәрдем стансасына күніне 3 мың өтініш түседі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
12.12.2019
-
Жедел жәрдем колоннасы астаналықтардың зәресін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында оншақты жедел жәрдем көлігі колоннамен жүрген видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап жатыр.
12.12.2019
-
Алматыда жедел жәрдемнің қызмет сапасын арттыру мәселесі қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров KazMedConsult компаниясының директоры Кевин Фрикпен жедел медициналық көмек қызметін модернизациялау мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
24.10.2019
-
Алматыда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше көліктің қатысуымен болған жол апаты 20 қазан күні кешке Құлжа тасжолында болды, деп хабарлады Zakon.kz.
21.10.2019
-
Дәрігерлер тамаққа қақалып қалған зейнеткерді телефон арқылы аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы ас ішіп отырғанда тамаққа қақалып қалған 68 жастағы Павлодар тұрғынының дауысы қарлығып, көгере бастаған, деп хабарлады pavlodarnews.
14.10.2019
-
Қолында кірпіші бар ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинскіде ішімдікке масайған тұрғын әйелін шанышқымен жаралап, көмекке келген дәрігерлерге кірпіш ала жүгірген.
02.10.2019
-
Алматының жедел жәрдем қызметі жаңа автомобильдермен толықты
Алматы, BAQ.KZ. Конституция күні қарсаңында медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркіне 28 жаңа автомобиль берілді. Көлік кілттерін тапсыру рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
29.08.2019